Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде тікелей эфир "Адал көмек" жобасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шеңберінде тікелей эфир "Адал көмек" жобасы

2022 жылғы 2 желтоқсанда «Адал көмек» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жобасы аясында «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ басшысы А.Б. Шектыбаевпен тікелей эфир өткізілді.

Сұхбат барысында Қостанай облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық салауаттылықты қамтамасыз ету бойынша ветеринария басқармасының негізгі қызметі, жоспарлы диагностикалық зерттеулердің, профилактикалық іс-шаралардың орындалуы мәселелері қозғалды.

Ауыл шаруашылығы жануарларын ауыстыру, карантиндеу, бірдейлендіру, санитарлық союға тапсыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер саласындағы заңнаманы сақтау мәселелері.

Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарлардың санын реттеу жөніндегі іс-шаралар айтылды, Облыстың ветеринариялық қызметі балалардың өмірі мен денсаулығына қатерді болдырмау, сондай-ақ азаматтар мен қоршаған ортаның қараусыз және қаңғыбас жануарлардың әсерінен қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдап жатқаны атап өтілді. Осыған байланысты іс-шаралар тиісті материалдық-техникалық жарақтандыруы және қараусыз және қаңғыбас жануарлармен жұмыс істеудің практикалық тәжірибесі бар қоғамдық бірлестіктермен бірлесіп өткізіледі.

Сондай-ақ, Ветеринария басқармасында, ведомстволық бағынысты ұйымдарда кадрлармен қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауы мәселелері айтылды.