Ветеринария халықтың денсаулығын қорғауда!

Ветеринария халықтың денсаулығын қорғауда!

Халықтың денсаулығы мемлекеттің басты құндылықтарына жатады, ал ветеринариялық қызметтің ең маңызды міндеті тиісті аумақта ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады.

Мәселен, осы жылы Қостанай облысының ветеринариялық мамандары ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстардың 13 аса қауіпті ауруларының өршуіне жол бермеу мақсатында жануарлармен 4,5 миллионнан астам манипуляция жүргізді. 2022 жылға жоспарланған барлық жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шаралар уақтылы және толық көлемде орындалды.

Құтыру, бруцеллез, сібір жарасы, аусыл, туберкулез сияқты аурулар адамның денсаулығы мен өміріне нақты қауіп төндіретінін білу қажет. Осыған байланысты, ветеринариялық қызмет өкілдері мен жануарлар иелері ауыл шаруашылығы жануарларының басын иммундау және сауықтыру мәселелерінде тұрақты негізде өзара іс-қимыл жасауы тиіс.