Диагностикалық зерттеулер

Диагностикалық зерттеулер

Қостанай облысының аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жануарлардың аса қауіпті ауруларының диагностикасы жөніндегі ветеринариялық іс-шаралардың 2022 жылға арналған Жоспарына сәйкес, осы жылдың 9 айының ішінде ірі қара малдың бруцеллезіне 350 113 басы зерттелді, бұл жоспардың 105,9 % құрайды. Жұмыс барысында оң нәтиже берген 743 бас анықталды, аурудың таралуы 0,21%.

Сонымен қатар, ұсақ малдың бруцеллезіне диагностикалық зерттеулер бойынша жұмыс жүргізілді. 2022 жылдың 9 айының ішінде 349 548 бас зерттеуден өтті, бұл жоспардың 108,1 % құрайды. Оң нәтиже берген 69 бас анықталды, аурудың таралуы 0,02% .

Жергілікті атқарушы органдарының ветеринариялық қызметінің үйлесімді жұмысының арқасында жануарлардың арасында бруцеллез ауруының таралуының жыл сайынғы төмендеу тенденциясы байқалатынын атап өту қажет.