Менің мамандығым - мемлекеттік қызметші

Менің мамандығым - мемлекеттік қызметші

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті бастамашылық еткен «Менің мамандығым - мемлекеттік қызметші» жобасын іске асыру шеңберінде 2022 жылғы 22 қыркүйекте Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының бас мамандары Ковалева Ирина Александровна және Мнайдарова Кайержан Сагиндыковна лицей-мектебінің оқушыларымен кездесу өткізді, онда олар балаларды «Менің мамандығым - мемлекеттік қызметші» жобасымен таныстырып, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі және мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын талаптарды түсіндірді. Кездесу барысында мамандар мемлекеттік қызметтегі өз тәжірибесімен бөлісті, сондай-ақ қызықтырған сұрақтарға жауап берді.