Жануарлардың, өнімдердің орнын ауыстыру және жануарлардан алынатын шикізат

Жануарлардың, өнімдердің орнын ауыстыру және жануарлардан алынатын шикізат

Ел аумағында ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің шарттарының бірі жануарлардың, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың орын ауыстыруын қадағалау болып табылады.

Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы Халыққа "Ветеринария туралы" ҚР Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты тасымалдау кезінде ветеринариялық талаптарды сақтауға міндетті екендігін хабарлайды.

Қазақстан Республикасының аумағы бойынша орнын ауыстыру кезінде ауылдық округтердің және ветеринариялық станциялардың ветеринариялық мамандары беретін ветеринариялық анықтаманың болуы қажет. Ет өңдеу кәсіпорындары мен мал сою пункттерінде ветеринариялық анықтаманы өндірістік бақылау бөлімшесінің ветеринариялық дәрігері береді. Ветеринариялық анықтама ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі Деректер бар жануар туралы мәліметтер немесе одан үзінді көшірме, ветеринариялық паспорт, сондай-ақ аумақтың эпизоотиялық жағдайын бағалау негізінде жануарды, жануарлардан алынатын өнімді немесе шикізатты қарап шыққаннан кейін ресімделеді. Балықтарды және басқа да су жануарларын бес килограмнан астам тасымалдау кезінде балықтың қайдан ауланғаны туралы анықтама қажет.

Жануарға, жануарлардан алынатын өнім мен шикізатқа берілген ветеринариялық анықтама межелі пунктке дейін, жануарлардан алынатын сүтке берілген сәттен бастап бір ай ішінде жарамды.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 406 – бабына сәйкес жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты тасымалдау қағидаларын бұзу жеке тұлғаларға – жиырма, лауазымды адамдарға, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – бір жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады көрсеткіштер.