Мал қораларын дезинфекциялау жануарлар ауруларының алдын алудың маңызды факторларының бірі болып табылады

Мал қораларын дезинфекциялау жануарлар ауруларының алдын алудың маңызды факторларының бірі болып табылады

Ауыл шаруашылығы жануарларын мен құстарын өсіру оларды одан әрі өткізу кез-келген отбасының, шаруа қожалығының және басқа да ауылшаруашылығы құрылымдарының экономикалық тұрақтылығының маңызды құрамдас бөлігі болып табылады, бұл тұтастай алғанда мемлекеттің экономикалық тұрақтылығына оң әсер етеді және елдің азық-түлік қауіпсіздігінің негізі болып табылады. Ол үшін мал шаруашылығы саласынан алынатын өнім мен шикізат ветеринариялық-санитариялық тұрғыдан қауіпсіз болуға тиіс.

Ауыл шаруашылығы жануарларының тұқымдылығы, тұрақты теңдестірілген жем-шөп базасының болуы, тиісті ұстау жағдайлары мен мал өсіруі мал шаруашылығын тұрақты дамытудың негізгі факторлары болып табылады.

Ветеринариялық-санитариялық салауаттылықты сақтаудың маңызды факторы мал шаруашылығы үй-жайларын дезинфекциялау болып табылады.

Осыған байланысты, Қостанай облысының аумағында ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарының аса қауіпті ауруларының таралуына жол бермеу үшін «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ меншік нысанына қарамастан, ауыл шаруашылығы жануарларының барлық иелерін көктемде және күзде мал шаруашылығы қораларына профилактикалық дезинфекция жүргізуге шақырады.

Профилактикалық дезинфекция - жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың қоздырғыштарын жоюдың кепілі.

Мал қораларына дезинфекция жүргізу үшін Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының аудандық және қалалық «Ветеринариялық станциялары» КМК базасында технологиялық жабдығы, дезинфекциялау құралдары, қажетті көлігі және оқытылған мамандары бар.

Дезинфекция жүргізуге өтінімді Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының аудандық және қалалық «Ветеринариялық станциясы» КМК-ға беруге болады.

Осы мақсатта мал қораларына дезинфекция жүргізу айлығы жарияланды.
Біз осы ветеринариялық іс-шараның қажеттілігі мен тиімділігін тәжірибелік үлгімен көрсеткіміз келеді және одан әрі жыл сайын эпизоотиялық тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін жануарлардың иелері дезинфекция жүргізуге қатысады деген мақсатты көздейміз.