Ветеринария басқармасының кадр жұмысы туралы

Ветеринария басқармасының кадр жұмысы туралы

   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы № 125 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызметшілер қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру курстарын өтеді.

2021 жылға арналған біліктілікті арттыру курстарынан өту және қайта даярлаудың жоспары бойынша, ағымдағы жылғы 07 маусымнан бастап 25 маусым аралығында «Қазақстан Республикасы Президетінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы» РМКК Қостанай облысы бойынша филиалында ветеринариялық іс-шараларды талдау, болжау және есепке алу бөлімінің бас маманы Асанали Алмуханович Кадирбай қайта даярлау курсын өтті.

А.ж. маусым айында ветеринария басқармасының бөлім басшылары Талгат Калбекулы Шамшадин, Айнагуль Амангельдиевна Кушубенова «Стресс - менеджмент және Мемлекеттік қызмет көрсету кезеңінде тұтынушыға бағдарлану» және «Келіссөздер жүргізу және конфликт менеджмент» тақырыптарына біліктілігін арттыру курстарын өтті .

Ағымдағы жылдың басынан 18 мемлекеттік кызметшілер қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын өтті.

Сонымен қатар басқарма қызметкерлері мемлекеттік мекемелерде, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында да тағылымдамадан өтеді.

2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 6 мемлекеттік қызметші («Қостанай облысы әкімі аппараты» ММ –де 2 мемлекеттік қызметші, «ҚР АШМ ВБжҚК «Қостанай облыстық  аумақтық инспекциясы» ММ-де 2 мемлекеттік қызметші, Қостанай облыстық филиалының «ҚР АШМ ВБжҚК «Республикалық ветеринариялық зертхана» шаруашылық жүргізу құқығындағы РМК-да 2 мемлекеттік қызметші) тағылымдамадан өтті.

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л. Тоғжановтың хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында, біздің басқарманың 54 мемлекеттік қызметшілері а.ж. 5 сәуір - 15 маусым аралығында ҚР ӘРПК нормалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қостанай облыстық филиалының базасында оқудан өтті.