Тұрғылықты халықтың назарына! «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын бекіту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат»

Тұрғылықты халықтың назарына!  «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын бекіту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат»

Тұрғылықты халықтың назарына!

 «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасын бекіту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы ақпарат»

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы»  заң жобасын (бұдан әрі - заң жобасы) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі әзірледі және 2020 жылдың қыркүйек айында мүдделі мемлекеттік органдарға қарауға және қорытынды жасау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметіне жіберілді.

Аталған заң жобасы Қостанай облысының әкімдігімен 2020 жылдың қыркүйегінде келісілді.

Заң жобасына Үкіметтің қорытындысы 2020 жылғы 25 желтоқсанда ҚР Парламенті Мәжілісіне енгізілді.

2021 жылғы 29 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің (бұдан әрі – ҚР ПӘ) бастамасы бойынша мүдделі мемлекеттік органдармен және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарымен кездесу өткізілді, оның барысында жануарларды қорғауға бағытталған заңды әзірлеу және қабылдау бойынша ағымдағы жұмыс мәселелері талқыланды.

Ағымдағы жылдың сәуір айында осы мәселе бойынша ҚР ПӘ басшысы орынбасарының қатысуымен қосымша кеңес өткізілді.

Сондай-ақ, ҚР ПӘ жоғарыда аталған заң жобасын пысықтау бойынша Үкімет жанынан жұмыс тобын құру туралы тапсырма берілді.

2021 жылғы 6 мамырда «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы», «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне жануарларға жауапкершілікпен қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобаларының тұжырымдамаларын заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдады.

2021 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі «Жануарларға жауапты қарау туралы» ҚР Заң жобасын және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жануарларға жауапты қарау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ілеспелі Заң жобасын дайындау бойынша Жол картасын әзірледі.

Қазіргі таңда, Үкімет ҚР ПӘ алдында жануарларға жауапты қарау мәселелері бойынша тапсырманы 2021 жылдың соңына дейін ауыстыру туралы мәселені көтерді.

«Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасында қараусыз және қаңғыбас жануарларға, сондай-ақ меншік құқығынан иелері бас тартқан жануарларға арналған баспаналарын салу және күтіп-ұстау көзделген.

Аталған заң жобасы жануарлармен жұмыс істеу саласындағы қатынастарды, оларды қорғауды, қауіпсіздігін  қамтамасыз етуді, жануарларды ұстау кезінде азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін реттейді, сондай-ақ мейірімділікті нығайтуға және қоғамның адамгершілік қағидаттарын сақтауға ықпал етеді.