Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру!

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру!

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру – ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқорға ауыл шаруашылығы жануары туралы мәлiметтердi енгiзе отырып және ветеринариялық паспортты бере отырып, бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) пайдалану, таңбалау арқылы жануарларға жеке нөмiр берудi қамтитын, жануарларды есепке алу рәсiмi.

         Қазақстан Республикасының «Ветеринария туралы» Заңына және ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру Ережесіне сәйкес, еліміздегі барлық ауыл шаруашылығы жануарлары бірдейлендіруден өткізілуі тиіс.   Бұл мемлекеттік маңызы бар шаралардың бірі.         

Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiруді «Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ветеринариялық пункттері бар аудандық (қалалық) ветеринариялық станциялары шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың ветеринариялық дәрігерлері жүзеге асырады.

Бүгінгі  күнге  Қостанай облысы бойынша portal.iszh.kz Веб-порталында деректер қорында тіркелгені 444 076  бас мүйізді ірі қара, 428 106 бас ұсақ мүйізді мал, 120 362 бас шошқа, 130 854 бас жылқы, 246 бас түйе.

Қазақстан Республикасы «Ветеринария туралы» Заңының 25 бабынасәйкесжекежәнезаңдытұлғалар:

  • Ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiрудi қамтамасыз етуі;
  • Ветеринариялық станцияларға жаңадан сатып алынған жануар (жануарлар), алынғантөл, оның (олардың) сойылғаны мен өткізілгенітуралыхабарлауытиіс.

Қосымша мәліметтер алу үшін Қостанай облысы ветеринария басқармасының орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингілеу бөлімінің8 /7142/ 50-09-65 телефонына хабарласуға болады.