«Жасыл коридор»

«Жасыл коридор»

«Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі № 339 ҚР Заңының 25-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету жануарлар иелерінің міндеттеріне кіреді.

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 7-1/68 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендірудің қолданыстағы қағидаларына сәйкес сырғалау, таңба басу немесе чип салу үшін ауыл шаруашылығы жануарларының әрбір түрі үшін төлдің жасына байланысты белгіленген шектеулер бар.

Қостанай облысының аумағындағы барлық меншік нысанындағы шаруашылықтардағы ауыл шаруашылығы жануарларының басы бойынша анық мәліметтер қалыптастыру мақсатында, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті өткен жылы туған ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін АЖБ дерекқорына тіркеу үшін 2021 жылғы 17 ақпаннан бастап 2021 жылғы 17 мамырға дейін «Жасыл коридор» берді.

Ауыл шаруашылығы жануарларының төлдерін бірдейлендіруді жүргізу үшін иелері облыстың аудандары мен қалаларының Ветеринариялық станцияларына жүгінуге құқылы.