Ағымдағы қызмет туралы ақпарат Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы

Ағымдағы қызмет туралы ақпарат Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы

Ағымдағы қызмет туралы ақпарат Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы

Ағымдағы жылдың ақпан айында ауылдық округтер мен ауылдардың ветеринариялық пункттерінің ветеринариялық дәрігерлері ауруларды диагностикалау бойынша жоспарлы ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізуге, атап айтқанда ірі қара және ұсақ малды бруцеллезге зерттеу үшін қан алуға кірісті.

Жыл басынан бері аудандар мен қалалардың ветеринарлық қызметімен ірі қара малдың жылдық жоспары 465 853 бас кезінде 2 548 сынама немесе 0,5%, ұсақ малдың жылдық жоспары 445 967 бас кезінде 4 566 сынама немесе 1,02% зерттелді.

Бруцеллез ошақтарын анықтау және инфекцияның одан әрі таралуына жол бермеу бойынша жедел шаралар қабылдау мақсатында ветеринария басқармасы тұрақты негізде облыстың елді мекендері мен шаруашылық жүргізуші субъектілері бөлінісінде ауруға талдау жүргізеді.

Ағымдағы жылдың ақпан айында республикалық қордан Қостанай облысының коммуналдық меншігіне берілетін аса қауіпті ауруларға қарсы ветеринариялық препараттарды жеткізу күтілуде. Бұл препараттар кейіннен жануарларды жоспарлы вакцинациялауды жүзеге асыру үшін аудандар мен қалалардың ветеринариялық станцияларына берілетін болады.