Ағымдағы жылдың 11 ақпанында облыс Әкімдігінің залында ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы А. Б. Шектібаевтың төрағалығымен кеңейтілген кеңес өтті

Ағымдағы жылдың 11 ақпанында облыс Әкімдігінің залында ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы А. Б. Шектібаевтың төрағалығымен кеңейтілген кеңес өтті

2021 жылғы 11 ақпанда облыс Әкімдігінің залында ветеринария басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.Б. Шектыбаевтың төрағалығымен басқарма басшысының орынбасарлары, бөлім басшылары, ветеринария басқармасы өкілдері, аудандар мен қалалардың "Ветеринариялық станция" КМК ветеринариялық пунктерінің басшылары, бас бухгалтерлері мен меңгерушілерінің қатысуымен бейнеконференцбайланыс режимінде, Әлеуметтік қашықтық пен бетперде режимін сақтай отырып кеңейтілген кеңес өтті.

Күн тәртібінде Қостанай облысының ветеринариялық қызметтерінің 2020 жылғы жұмыс қорытындылары, кешенді тексеру актілері және ағымдағы жылға арналған ветеринариялық – профилактикалық іс-шаралар жоспарлары қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша ветеринариялық – санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ветеринариялық – профилактикалық іс-шаралар жоспарын уақтылы орындау, сондай-ақ қаржылық тәртіпті бұзуға жол бермеу, бастапқы ветеринариялық құжаттама мен есептілікті ресімдеу бойынша жұмысты жалғастыру тапсырылды.