
2026 жылғы 14 қыркүйектен бастап Астана қаласында Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) ұйымдастырған ветеринариялық эпидемиология саласындағы бес күндік практикалық семинар өткізілуде.
Семинарға Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен ветеринария саласының мамандары қатысып, жануарлардың жұқпалы ауруларын эпидемиологиялық қадағалау және бақылау, тәуекелдерді бағалау, ауру ошақтарын эпидемиологиялық зерттеу, сондай-ақ деректерді талдау негізінде бақылау шараларын жүргізу бағыттары бойынша білімдері мен практикалық дағдыларын жетілдіруде.
Іс-шараға Әулиекөл ауданының ветеринариялық мамандары да қатысуда.
Семинар барысында ветеринариялық эпидемиологияның негізгі қағидаттары, аурулардың таралу көрсеткіштерін бағалау, тәуекел факторларын анықтау, жоғары тәуекел топтарын айқындау және ауру ошақтарын жүйелі түрде зерттеу мәселелері қарастырылуда.
Семинар аясында бруцеллез ауруына ерекше көңіл бөлінуде. Ауруд