
2026 жылғы 10 қыркүйекте Қостанай облысының Қоғамдық кеңесі Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасымен бірлесіп отырыс өткізді. Отырыс барысында жануарларға жауапкершілікпен қарауды реттеу мәселелері қаралды.
Отырыс барысында мынадай нормативтік құқықтық актілердің жобалары таныстырылып, талқыланды:
* Қостанай облысында үй жануарларын ұстау және серуендету қағидалары;
* Қостанай облысында жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру қағидалары.
Аталған қағидаларды әзірлеу және қабылдау қажеттілігі 2026 жылғы 18 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілген Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 97-VII ҚРЗ «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заңына енгізілген өзгерістерге байланысты.
Отырыс барысында қатысушылар үй жануарларын ұстау және серуендету тәртібін жетілдіруге, сондай-ақ жануарларды аулау, уақытша ұстау және жансыздандыру мәселелерін реттеуге бағытталған қағидалар жобаларының негізгі ережелерін талқылады.
Заңнамада көзделген рәсімдерден өткеннен кейін қағидалар жобалары кейіннен бекіту үшін Қостанай облыстық мәслихатының қарауына енгізілетін болады.