
Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізілді.
Кездесу барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнаманың негізгі талаптары, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі шаралары, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қызметтік міндеттерін орындау кезінде парасаттылық қағидаттарын сақтау мәселелері қаралды.
Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысуына байланысты шектеулерді сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мысал ретінде басқа мемлекеттік органдардың қызметкерлері жіберген бұзушылықтар фактілері және қолданыстағы заңнамада көзделген жауапкершілік шаралары қарастырылды.