
Бүгін, 10 шілдеде Қазақстанда ветеринарлық қызметкер күні атап өтіледі. Бұл мереке жануарлардың денсаулығы мен жануарлардан алынатын өнімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге баға жетпес үлес қосатын ветеринарлық мамандар еңбегінің маңыздылығын атап өтуге арналған. Ветеринариялық қызметкер күнін мерекелеу аясында облыс әкімінің орынбасары А.Т. Әбеновтың қатысуымен Қостанай облысының ветеринария басқармасы ҚР АШМ ВБжҚК Қостанай облыстық аумақтық инспекциясымен бірлесіп, 2026 жылдың І жартыжылдығындағы жұмыстың қорытындысын шығарды. Сондай-ақ, саланың үздік мамандары мен ардагерлерін А.Т. Әбенов облыс әкімінің атынан адал еңбегі және облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан үлесі үшін грамоталармен марапаттады.