Қостанай облысында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жалғасуда

Қостанай облысында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жұмыстары жалғасуда

«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және олардың нақты есебін жүргізу – өңірдің ветеринариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізгі тетіктерінің бірі. Қазіргі таңда облыс аумағында үй-үйді аралау, деректерді салыстыру және мал иелерімен түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Басты мақсатымыз – мал басының толық әрі нақты есебін қамтамасыз етіп, оның қозғалысына ашық әрі тиімді бақылау орнату. Бұл ветеринариялық іс-шараларды уақытылы жүргізуге, жұқпалы аурулардың таралуының алдын алуға және мал шаруашылығы саласының тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», – деді Қостанай облысы әкімдігі Ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Айнагүл Демежанова.