
Мемлекеттік қызметшілер күнін мерекелеу аясында ветеринария басқармасының басшысы Т.Қ. Иманбаев өз ризашылығын білдіріп, жас мемлекеттік қызметшілердің ветеринария басқармасының бас мамандары Петр Анатольевич Снигурдің және Ерсін Сәбитұлы Қабылдиннің ата-аналарына алғыс хаттар табыстады. Оларға ұлдарының бойына сіңірген үлгілі тәрбие мен құндылықтарды, сондай-ақ жас жігіттердің еңбекке деген ұқыптылығы мен саналы, жауапкершілікті қарым-қатынасы үшін алғыс білдірді.
Барлық мемлекеттік қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке, мансаптық өрлеу, жаңа жетістіктер, еліміз бен халқының игілігі үшін жемісті еңбек тілейміз!