Құмар ойындарға қатысу және бәс тігу бойынша ерікті өзін-өзі шектеу

Құмар ойындарға қатысу және бәс тігу бойынша ерікті өзін-өзі шектеу

Ветеринария басқармасының барлық мемлекеттік қызметшілері «eGov mobile» қосымшасы арқылы құмар ойындарға және бәс тігуге қатысуды өз еркімен шектеді.

Қазақстандағы проблемалық құмар ойындармен күресу шаралары Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 8 шілдедегі № 116-VII Заңымен реттеледі, онда халықты қорғау және құмар ойындарға тәуелділіктің алдын алу мақсатында құмар ойындар мен лотереяларға қатаң шектеулер енгізілген. Құмар ойындарға салыну психикалық денсаулықтың бұзылуы, ауыр қаржылық зардаптар, мүлікті жоғалту, қоғамнан оқшаулану және отбасының бұзылуы сияқты қиындықтар тудырады.    Қазақстанның кез келген азаматы онлайн форматта «eGov mobile» қызметін пайдалана отырып, құмар ойындар мен бәс тігуден өз еркімен бас тарта алады.