
Мемлекеттік қызметшілер күні мерекесіне орай мемлекеттік қызмет жүйесіндегі адал қызметі үшін Сарыкөл ауданы бойынша бас маман Иргибаева Дариха Жүсіпбекқызы Қостанай облысының әкімі Қ.И. Ақсақаловтың Құрмет грамотасымен марапатталды, сонымен қатар, қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны және жоғары кәсіби нәтижелерге қол жеткізгені үшін Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаментінің Алғыс хатымен орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі және мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингі бөлімінің бас маманы Евгений Владимирович Руфов марапатталды.
Әріптестерімізді осы лайықты марапатымен құттықтап, оларға кәсіби табыс, зор денсаулық, бақ-береке және мемлекетіміздің игілігі үшін жемісті еңбек тілейміз!