Тренинг

Тренинг

2026 жылғы 15 маусымда орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингі бөлімінің қызметкерлері онлайн форматта Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының ведомстволық бағынысты аудандық, қалалық ветеринариялық станцияларының ветеринариялық қызметтерінің мамандары үшін «Тексеруден бастап ветеринариялық құжатты беруге дейін: БАБЖ қадағалау жүйесіндегі ветеринариялық дәрігердің тиімді жұмысы» тақырыбында тренинг өткізді.

Тренингтің мақсаты ветеринариялық мамандардың ветеринариялық тексеру жүргізу, БАБЖ-не деректерді енгізу және жануарлар мен жануарлардан алынатын өнімдерді қадағалау талаптарын сақтай отырып, ветеринариялық ілеспе құжаттарды ресімдеу бойынша практикалық дағдыларын жетілдіру болды.

Тренинг барысында БАБЖ-дегі жұмыс мәселелері және құжаттарды ресімдеу кезіндегі ветеринарлық дәрігердің рөлі қаралды. Ветеринариялық тексеру тәртібі, деректерді тексеру және салыстыру, сондай-ақ карантиндік талаптардың сақталуы түсіндірілді. Типтік қателіктер, ветеринарлық анықтамалардың күшін жою жағдайлары және оларды беруден бас тарту негіздері зерттелді.

Тренинг қорытындысы бойынша тәртіпті қатаң сақтау ұсынылады: тексеру, деректерді тексеру, содан кейін ғана ветеринариялық анықтамаларды ресімдеу.