
2026 жылғы 8 маусымда Қостанай облысына ірі қара мен ұсақ малдың, шошқа мен түйенің құлақ сырғалары түсті.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдар (құлақ аспалы сырғалар) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізу үшін пайдаланылады.
Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру - ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді дерекқорға енгізе отырып және ветеринариялық паспорт бере отырып, бірдейлендіруді, таңбалауды жүргізу үшін бұйымдарды (құралдарды) пайдалану арқылы жануарларға жеке нөмір беруді қамтитын жануарларды есепке алу рәсімі.
ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 25-бабына сәйкес ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді қамтамасыз ету, сондай-ақ ветеринариялық қызмет бөлімшелеріне жаңадан сатып алынған жануарлар, алынған төл, олардың сойылғаны және өткізілгені туралы хабарлау жеке және заңды тұлғалардың міндеті болып табылады.