АШЖБ мәселелері бойынша жұмыс кеңесі

АШЖБ мәселелері бойынша жұмыс кеңесі

7 сәуірде бейнеконференцбайланыс режимінде Агроөнеркәсіптік кешендегі экономикалық саясаттың талдау орталығы өкілдерімен және республиканың барлық өңірлерінің ветерираниялық мамандарымен жұмыс кеңесі өтті.

Кеңестің негізгі мақсаты – АШЖБ ақпараттық жүйесінің жұмысындағы мәселелерді талқылау және анықтау болды. Кездесу барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісті, ағымдағы қиындықтарды атап өтті және жүйенің функционалдығын жақсарту мен тұрақтылығын арттыру бойынша ұсыныстарын енгізді

Өз кезегінде, Ветеринария басқармасы АШЖБ ақпараттық жүйесінің функционалын жетілдіру бойынша ұсыныс енгізді: жылқы төлін есепке алу үшін таңбалау және чиптеу бойынша есепті қолмен санаудың қажеттілігінсіз, жеке қалыптастыру мүмкіндігін қарастыру. Аталған ұсыныс жиналысқа қатысушылар тарапынан қолдау тауып, қабылданды.