Байқау

Байқау

ХАБАРЛАНДЫРУ

«Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы» ММ Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының «Сарыкөл ауданы ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны басшысының бос лауазымына орналасуға конкурс жариялайды.

Конкурсты өткізу күні: 2026 жылғы 17 сәуір.

Конкурс өткізу мекен-жайы: Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Шипин көшесі 153/3,  анықтама үшін телефон: 8 (7142) 39-40-82,  uv1@kostanay.gov.kz.

Кәсіпорынның негізгі қызметі: «Сарыкөл ауданы ветеринариялық станциясы» КМК қызметі аудан аумағында ветеринариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыру, жануарлар ауруларының алдын алу, оларды емдеу, халықты адам мен жануарға ортақ аурулардан қорғау.

Байланыстар:   Қостанай облысы,    Сарыкөл ауданы,    Сарыкөл ауылы,  Миронов көшесі, 1А, анықтама үшін телефон: 8 (71451) 2-42-22, vetkgp_sarykol@mail.kz.

Конкурсқа қатысушыға қойылатын талаптар: «Ветеринария» мамандығы бойынша жоғары білімі. Ветеринария саласындағы кәсіпорынның тиісті бейініндегі басшы лауазымдарда мамандығы бойынша жұмыс өтілі кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы.

Құжаттарды қабылдау Конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау тізілімнің веб-порталында конкурс өткізу туралы жарияланған күннен кейін 7 (жеті) жұмыс күні өткен соң аяқталады (www.e-qazyna.kz).