
Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасы жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуге «Ветеринария саласындағы қызметпен айналысуға лицензия беру» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетеді. Осы мемлекеттік қызмет «Е-лицензирование» порталы арқылы көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны беру кезінде – 5 (бес) жұмыс күні;
- лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресімдеу кезінде – 3 (үш) жұмыс күні.
Ветеринария саласындағы қызметпен айналысу үшін лицензия беру бойынша мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
Лицензиялық алым:
- лицензия бергені үшін лицензиялық алым 6 (алты) айлық есептік көрсеткішті құрайды;
- лицензияны қайта ресімдегені үшін – лицензия беру кезіндегі ставканың 10 (он) пайызын құрайды.
«Е-лицензиялау» порталында көрсетілетін қызметті алушы өтінішті және растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, мәліметтердің электрондық нысанын толтырады. Мәліметтердің электрондық нысанын толтыру кезінде мынадай деректер қажет: ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасына ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы; жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізудің стандарттау және әдістемесі жөніндегі құжаттардың болуы; өлшеу аспаптарына (дайындаушы зауыттың паспорты) құжаттарды растайтын өлшеу аспаптарының және өлшеу аспаптарын тексеру туралы сертификаттардың болуы; ветеринариялық білімнің және соңғы 5 жылда біліктілікті арттыру курстарынан өткені туралы мәліметтердің болуы.
Барлық сұрақтар бойынша Шипин көшесі, 153/3 үй, 200 кабинет мекенжайы бойынша немесе 39-06-94 телефоны бойынша Ветеринария басқармасының орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингілеу бөліміне хабарласуға болады.