
2026 жылғы 5 наурызда Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері департаментінің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу басқармасының басшысы Успанов Батырхан Евгеньевич пен Қостанай облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Сюндиков Қайрат Жанділдіұлының қатысуымен кеңес өткізілді.
Кеңес барысында мемлекеттік қызметшілердің «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Занның, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Занның, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің талаптарын сақтауының, және лудоманияның алдын алудың өзекті мәселелері қаралды.
Кеңеске қатысушыларға заңнаманың бұзылуына жол бермеу және қызметтік тәртіпті нығайту бойынша тиісті түсініктемелер мен ұсынымдар берілді. Сондай-ақ қатысушыларға қаралып отырған мәселелер бойынша ақпараттық жадынамалар таратылды.