
2026 жылдың 27 ақпанында А. Байтұрсынов атындағы КРУ-да ветеринария кафедрасының 4 және 5 курс студенттерімен кездесу өтті. Іс-шараның мақсаты Ветеринария мамандықтарының түлектерін жұмысқа орналастыру болды. Кездесу барысында "Жастар практикасы", "Дипломмен ауылға" бағдарламалары, мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, оның ішінде ЖОО түлектерін конкурстан тыс тағайындау мүмкіндігі туралы түсіндірме берілді, сондай-ақ ведомстволық бағынысты ветеринариялық станцияларда ветеринариялық білімі бар мамандардың бос жұмыс орны туралы ақпарат айтылды. Студенттер мен оқытушылардың сұрақтарына жауаптар берілді.