
Ауыл шаруашылығы жануарларының басын есепке алуды оңайлату және шаруашылықтардағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларының 9-тармағына сәйкес жануарларды бірдейлендірудің қосымша электрондық тәсілін пайдалануға рұқсат етіледі.
Ең ыңғайлы және заманауи әдістердің бірі-электронды микрочипті имплантациялау. Әрбір чипте бірегей нөмір бар, оған мыналар кіреді: ел және аймақ коды, жануар түрі, жеке нөмір.
Деректерді оқу құрылғының қуатына және чиптің өлшеміне байланысты 12-ден 45 сантиметрге дейінгі аралықта арнайы сканермен жүзеге асырылады.
Электрондық бірдейлендірудің көптеген артықшылықтары бар:
ұрлық немесе жол-көлік оқиғалары кезінде жануардың иесін тез анықтауға болады.
«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабы 2-тармағының 6-тармақшасына сәйкес электрондық бірдейлендіру үшін бұйымдар мен құралдарды сатып алу жануарлар иелерінің есебінен жүзеге асырылады.