Қостанай ауданының ветеринариялық мамандарымен кездесу

Қостанай ауданының ветеринариялық мамандарымен кездесу

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарында Қостанай облысы әкімдігінің Ветеринария басқармасы Қостанай ауданының ветеринариялық станциясы КМК базасында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қостанай аудандық аумақтық инспекциясымен бірлесіп Қостанай ауданының ветеринариялық мамандарымен кездесу өткізді.

Кездесу барысында мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру, Tort Tulik мобильді қосымшасымен жұмыс істеудің практикалық аспектілері, сондай-ақ ветеринария саласындағы басқа да өзекті ұйымдастырушылық мәселелер талқыланды.

Кездесу қорытындысы бойынша ветеринариялық мамандарға туындаған сұрақтар бойынша түсіндірмелер беріліп, Қостанай ауданында ветеринариялық қызмет көрсетудің сапасы мен тиімділігін арттыруға бағытталған пікірлер мен ұсыныстар алмасылды.