⚠️ МАҢЫЗДЫ! «ТORT TULIK MOBILE» ТІРКЕЛУ

⚠️ МАҢЫЗДЫ! «ТORT TULIK MOBILE» ТІРКЕЛУ

? «Тort Tulik Mobile» дегеніміз не?

«Tort Tulik Mobile» мобильді қосымшасы жануарлар иелеріне арналған. Ол жануарлар тізімін мониторингтеу, жаңа жануарларды тіркеу, оларды жеке тұтыну үшін сою себебінен есептен шығару, жануарларды онлайн-режимде сату және сатып алу мүмкіндіктерін ұсынады. Сондай-ақ, қосымша ветеринариялық паспорттарды ресімдеуге, жануарлар мен олардың иелері туралы деректерге өзгерістер енгізуге, сондай-ақ сырға жоғалған жағдайда жануарлардың бірдейлендіру нөмірлерін (ЖБН) ауыстыруға мүмкіндік береді.

📝 Кім тіркелуі керек?

Ауылшаруашылық жануарларының иесі

Неліктен дәл қазір мұны істеу керек?

Тіркеусіз кіруге шектеу қойылады:

  • төл және импорт оқиғалары бойынша жануарларды тіркеу;
  • мемлекеттік қызметтерді алу (ветеринариялық анықтама, ветеринариялық паспорт және мәліметтерді түзету).

👉 Салдары қандай болуы мүмкін?

  • ветеринариялық қызмет көрсетуден бас тарту;
  • жануарларды сату немесе ауыстыру кезінде ветеринариялық ілеспе құжаттарды алудың қолжетімсіздігі;
  • мемлекеттік қолдау мен субсидияларды жоғалту қаупі;
  • әкімшілік және өзге де жауапкершілікті қолдану.

Не істеу керек?

  1. Ветеринариялық пунктке хабарласыңыз
  2. «Tort Tulik Mobile» мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз және жануарлардың иесі ретінде тіркеліңіз (Android және iOS жүйелерінде құрылғыларды пайдаланушылар жүктей алады).

📌 Сұрақтар туындаған жағдайда жануарлар иелері Call-орталыққа жүгіне алады: 8 (7172) 79-34-19

WhatsApp +7 771 996 1499 (WhatsApp қоңыраулары қабылданбайды)

Эл. пошта: help@acepas.kz