Құттықтау

Құттықтау

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Қостанай облысы ветеринария басқармасының бас маманы Кәдирбай Асанәлі Әлмұханұлы мемлекеттік қызметті дамытуға қосқан зор үлесі және кәсіби қызметінің жоғары нәтижелері үшін Алғыс хатпен марапаттады.

Бұл марапат оның адал еңбегін, жоғары кәсібилігін, жауапкершілігін және тұрақты дамуға деген ұмтылысын лайықты мойындау болып табылады. Асанәлі Әлмұханұлы өз жұмысында бастамашылдық, принциптілік танытады.

Қостанай облысы ветеринария басқармасының ұжымы Асанәлі Әлмұханұлы еңбегі сіңген наградасымен шын жүректен құттықтап, зор денсаулық, одан әрі кәсіби табыстар, жаңа жетістіктер тілейді!