Аудандар мен қалалардың ведомстволық бағынысты ветеринариялық станцияларының ветеринариялық дәрігерлері Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің орман шаруашылықтары мен аумақтық инспекцияларының өкілдерімен бірлесіп орман алқаптарында және жабайы жануарлардың көші-қон жолдарында жабайы жыртқыштардың құтыруына қарсы брикеттелген вакцинасы бар жемді орналастыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асырды.
Бұл мемлекеттік шаралар аймақтағы құтыру бойынша ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған.