
Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру мақсатында Ветеринария басқармасы тарапынан «Үздік қызмет көрсетуші – 2025» акциясы өткізілді. Аталған акция аясында Қостанай облысының КМК «Қалалар мен аудандардың ветеринариялық станциялары» мемлекеттік қызмет көрсетушілерінің қызметіне кешенді бағалау жүргізілді.
Бағалау мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің көлемі, бұзушылықтар мен шағымдардың болуы, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарының жүргізілу деңгейі, қызметкерлердің біліктілігін арттыруы, сондай-ақ кедергісіз ортаны қамтамасыз ету және қызметтердің қолжетімділігі сияқты өлшемшарттар негізінде жүзеге асырылды.
Бағалау қорытындысы бойынша жиынтық көрсеткіш нәтижесінде ең жоғары нәтижелер көрсеткен ұйымдар анықталды:
1-орын — «Қостанай қаласының ветеринариялық станциясы» КМК;
2-орын — «Алтынсарин ауданының ветеринариялық станциясы» КМК;
3-орын — «Қостанай ауданының ветеринариялық станциясы» КМК.
Аталған акцияны өткізу мемлекеттік көрсетілетін қызметтер көрсету саласында клиентке бағдарланған тәсілді дамытуға, қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға және озық тәжірибелерді енгізуге бағытталған.