
2025 жылға арналған бекітілген ветеринариялық іс-шаралар жоспарына сәйкес, облыста мемлекеттік тапсырыс шеңберінде бруцеллезге және жануарлардың басқа да аса қауіпті ауруларына жоспарлы диагностикалық зерттеулер аяқталды. Бұл шаралар қауіпті инфекциялардың, соның ішінде адам денсаулығына қауіп төндіретін инфекциялардың алдын алуға бағытталған.