Мал қораларын дезинфекциялау – жануарлар ауруларының алдын алудың маңызды факторларының бірі болып табылады

Мал қораларын дезинфекциялау – жануарлар ауруларының алдын алудың маңызды факторларының бірі болып табылады

Дезинфекция бұл жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың қоздырғыштарын жою жөніндегі шаралар кешені.

Дезинфекция профилактикалық мақсатта, сондай-ақ жануарлар аурулары туындаған жағдайларда мәжбүрлі дезинфекциялау жүргізіледі.

Профилактикалық дезинфекцияны жылына екі рет, жануарларды жайылымға шығарғаннан кейін және оларды қораға орналастырар алдында жүргізу қажет.

Дезинфекция жүргізер алдында дезинфекциялауға жататын үй-жайларды мұқият механикалық тазалау керек.

2025 жылғы 12 желтоқсандағы жағдай бойынша Қостанай облысының аумағында аудандар мен қалалардың ветеринариялық станцияларының күшімен жалпы ауданы 81 161 шаршы метр болатын 340 объектіде мәжбүрлі дезинфекция және жалпы ауданы 66 959 шаршы метр болатын 125 объектіде профилактикалық дезинфекция жүргізілді.

Дезинфекция жүргізуге «Аудандар мен қалалардың ветеринариялық станциясы» КМК өтінім беруге болады.