
Қазақстан Республикасының аумағында орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдауды жүзеге асыру қағидаларының 3-тармағына сәйкес жөнелту пунктінен межелі пунктіне дейін тасымалдауды жүзеге асыру үшін ауыл шаруашылығы жануарларын сатып алуды жүргізу кезінде тасымалдауға жататын орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілер ветеринариялық құжаттарды беру қағидаларына және олардың бланкілеріне қойылатын талаптарға сәйкес берілген ветеринариялық құжаттармен қоса жүреді (бұдан әрі – Ветқұжаттар беру қағидалар).
Қазақстан Республикасының ішінде жануарларды өткізу үшін ветеринариялық анықтама беруді аудандар мен қалалардың ветеринариялық станцияларының Ветеринариялық пункттері жүзеге асырады. Осыған байланысты, ветеринариялық анықтама алу үшін Ветқұжаттарды беру қағидаларының 30-тармағына сәйкес жануарды өткізуді (сатуды) жүзеге асыратын жануардың иесі малды әкету жоспарланатын тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің ветеринариялық станциясының ветеринариялық пунктіне өтініш береді.
Ветеринариялық анықтама «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – АШЖБ АЖ) интеграцияланған «Бірыңғай автоматтандырылған басқару жүйесі» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – БАБЖ АЖ) арқылы беріледі, сондықтан малды сатушы да, сатып алушы да АШЖБ АЖ-да тіркелуі тиіс.
Бұл ретте сатып алушы мобильді азаматтар базасында тіркелуі тиіс, өйткені БАБЖ АЖ функционалында әкету (сату немесе сою) мақсатына қарамастан мал сатып алу туралы хабарлама жіберу көзделген, ол смс-хабарлама арқылы растауды талап етеді (511 – растаймын, 512 – растамаймын), содан кейін ғана ветеринар маман ветеринариялық анықтаманы тіркей алады және бере алады.
«Ветеринария туралы» ҚР Заңының 25-бабының 6-тармақшасына сәйкес межелі жерге келгеннен кейін жеке және заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы жануарларын әкелу туралы жергілікті ветеринариялық қызметке хабарлауға міндетті. Содан кейін межелі пункттегі ветеринариялық маман «ветеринариялық анықтаманы өтеуді» БАБЖ АЖ-ға жөнелту пунктінен жүргізеді және ауыл шаруашылығы жануарлары сатылған жағдайда автоматты түрде жаңа иесіне АШЖБ АЖ есебіне ауысады немесе союға жіберілген кезде есептен шығарылады.