
Кандидат EQYZMET ашық порталында орналастырылғандардың ішінен мүдделі мемлекеттік әкімшілік лауазымды таңдайды (https://www.eqyzmet.gov.kz).
Кандидаттар мемлекеттік тілді және Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге алдын ала тестілеуден өтеді. Конкурсқа қатысуға тестілеу бағдарламасында белгіленген шекті мәндерден төмен емес нәтижелері бар үміткерлер жіберіледі. Бұдан әрі порталда мынадай кезеңдер өтеді: кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалаудан, кандидаттың мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалаудан өтуі; әңгімелесу.
Тестілеуді бастамас бұрын үміткер нұсқаулықпен танысады. Кандидаттардың жеке қасиеттерін бағалаудан өтуі тестілеу нысанында жүргізіледі. Мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау үміткердің мәтіндік және сандық ақпаратпен жұмыс істеу қабілетін анықтауға мүмкіндік беретін екі бөлек тестілеу блогынан тұрады.
Конкурс қорытындылары туралы хабарлама кандидаттарға жүйе арқылы жеке кабинеттерге жіберіледі.