Ветеринарияның емдеу-алдын алу қызметі басталуы туралы хабарлама (Ветеринарлық клиника)

Ветеринарияның емдеу-алдын алу қызметі басталуы туралы хабарлама (Ветеринарлық клиника)

ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 13 - бабына сәйкес – ветеринария саласында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы облыстың жергілікті атқарушы органы – «Е-лицензиялау» порталы арқылы Қостанай облысы әкімдігінің ветеринария басқармасына хабарлайтынын еске саламыз.

ҚР «Ветеринария туралы» Заңының 13-1 - бабына сәйкес ветеринариялық емдеу-алдын алу қызметі хабарлануға тиіс.

Хабарламаға мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) бірінші басшының қолы қойылған және ұйымның мөрімен бекітілген  тегі, аты, әкесінің аты, білімі, дипломның нөмірі мен берілген күні қамтылатын жиынтық кесте (заңды тұлғалар үшін);

2) ветеринария саласындағы тиісті мамандық бойынша білімі туралы дипломның көшірмесі (жеке тұлғалар үшін);

3) мамандандырудан немесе жетілдіруден және біліктілікті арттырудың басқа да түрлерінен өткені туралы сертификат;

4) ветеринариялық-санитариялық қорытындының көшірмесі;

5) меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде тиісті үй-жайлардың болуын растайтын құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі.

Қазақстан Республикасы «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Заңының 17-бабына сәйкес-тиісті хабарламаны жібермей қызметті жүзеге асыруға жол берілмейді.

Барлық сұрақтар бойынша Шипин көшесі, 153/3 үй, 200 кабинет мекенжайы бойынша немесе 39-06-95 телефоны бойынша Ветеринария басқармасының орны ауыстырылатын объектілердің қауіпсіздігі, мемлекеттік қызметтерді көрсету және мониторингілеу бөліміне хабарласуға болады.