Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзеу)»

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет «Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзеу)»

Мемлекеттік қызмет «Аудандар және қалалар ветеринариялық станциясы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындары арқылы көрсетіледі және «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» деректер базасында тіркелген жануарлардың иелері мен ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерге өзгерістер енгізуге арналған.

Мәліметтерді түзеу

Түзеу бұрын енгізілген деректерде жіберілген техникалық қателер анықталған жағдайда жүргізіледі, оның ішінде:

Иесі туралы:

тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда) немесе заңды тұлға атауындағы әріптерді түзету, артық бос орындарды жою;

ЖСН, БСН ішіндегі артық бос орындарды жою.

Жануар туралы:

ауыл шаруашылығы жануарының жеке нөмірі;

жануардың түрі;

ауыл шаруашылығы жануарының піштірілгені туралы мәліметтер

Сот шешімі бойынша түзету

Ауыл шаруашылығы жануарлары туралы мәліметтерді өзектендіру (түзеу) фактісі сот тәртібімен белгіленген жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші сот шешімінің негізінде деректер базасына тиісті өзгерістер енгізеді.
Қызметті беруші деректер базасының арнайы функциясына қол жеткізіп, сот актісіне сәйкес өзгерістер енгізеді.

Бұл тәртіп төмендегі даулар туындаған кезде қолданылады:

жануарға меншік құқығы;

ЖСН/БСН цифрларын өзгерту;

жануардың жынысы, туған күні, тұқымы;

сот арқылы расталуы қажет өзге де мәліметтер.

Қызметті алу тәртібі

Қызметті алу үшін қызмет алушы ұсынады:

белгіленген нысандағы өтініш, оның ішінде Tort Tulik мобильді қосымшасы арқылы өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған;

ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру деректер базасын қалыптастыру және жүргізу және одан үзінді беру қағидаларының 3-қосымшасында көзделген құжаттар.

Қызмет көрсету мерзімі

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі — өтініш тіркелген күннен бастап 10 жұмыс күні.