Құрметті ауыл шаруашылығы жануарларының тұрғындары мен иелері!

Құрметті ауыл шаруашылығы жануарларының тұрғындары мен иелері!

Ауыл шаруашылығы жануарларының басын есепке алуды оңайлату және шаруашылықтардағы қауіпсіздікті арттыру мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы №7-1/68 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру қағидаларының 9-тармағына сәйкес жануарларды бірдейлендірудің қосымша электрондық тәсілін пайдалануға рұқсат етіледі.

Ең ыңғайлы және заманауи әдістердің бірі-электронды микрочипті имплантациялау. Әрбір чипте бірегей нөмір бар, оған мыналар кіреді: ел және аймақ коды, жануар түрі, жеке нөмір.

Деректерді оқу құрылғының қуатына және чиптің өлшеміне байланысты 12-ден 45 сантиметрге дейінгі аралықта арнайы сканермен жүзеге асырылады.

Электрондық бірдейлендірудің көптеген артықшылықтары бар:

процедура жылдам және қауіпсіз;

бірдейлендіру нөмірі жоғалмайды және жойылмайды;

қосымша күтім қажет емес;

шаруашылық ішіндегі малдың есебін жүргізу ыңғайлы;

ұрлық немесе жол-көлік оқиғалары кезінде жануардың иесін тез анықтауға болады.

«Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 сәуірдегі № 339 Заңының 35-бабы 2-тармағының 6-тармақшасына сәйкес электрондық бірдейлендіру үшін бұйымдар мен құралдарды сатып алу жануарлар иелерінің есебінен жүзеге асырылады.