Жұмыс кеңесі

Жұмыс кеңесі

2025 жылғы 29 қазанда ҚР АШМ КВКиН Қостанай облыстық аумақтық инспекциясының алаңында облыстың бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторы Б.Б. Қайыпбайдың төрағалығымен Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының басшысы Т.К. Иманбаевтың және ведомстволар қызметкерлерінің қатысуымен 2025 жылы ҚР бойынша ауыл шаруашылығы жануарларын тасымалдау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.

Кеңес барысында малды ел аумағы бойынша тасымалдаудың қолданыстағы тетігі, жануарларды тасымалдауға рұқсат беру құжаттарын беру кезінде анықталған бұзушылықтар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын рұқсатсыз тасымалдау фактілерін болдырмау үшін шешу жолдары талқыланды. 

Жұмыс кеңесінің қорытындысы бойынша ауданаралық және облысаралық мал қозғалысын ретке келтіруге, жануарлардың жұқпалы ауруларының таралуын болдырмауға, мал иелерінің жауапкершілігін арттыруға, малдың заңсыз айналымы фактілерін болдырмауға, ветеринариялық қызмет тарапынан бақылауды күшейтуге, сондай-ақ халықпен және шаруашылық жүргізуші субъектілермен профилактикалық шаралар мен түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыруға бағытталған бірқатар нақты шешімдер қабылданды.