А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің түлектерімен кездесу

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің түлектерімен кездесу

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің түлектерімен кездесу ұйымдастырды. Іс-шараның мақсаты ЖОО-ның жас мамандары мен түлектерін Мемлекеттік қызметке кіруге тарту болды.

Кездесу аясында Қостанай облысы ветеринария басқармасының басшысы Т.К. Иманбаев Мемлекеттік қызметтің рөлі мен маңыздылығы, кәсіби өсу перспективалары, сондай-ақ бастамашыл және білікті жастарды мемлекеттік секторға тартудың маңыздылығы туралы айтып берді.

Мұндай кездесулер түлектердің Мемлекеттік қызметке деген қызығушылығын арттыруға және тұрақты және әлеуметтік жауапты жұмыс беруші ретінде мемлекеттік органдардың оң имиджін қалыптастыруға ықпал етеді.

Кездесуді ұйымдастырғаны және өткізгені үшін Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Департаментіне және А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетіне алғысымызды білдіреміз.