Қостанай облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі К.Ж. Сюндиковпен кездесу

Қостанай облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі К.Ж. Сюндиковпен кездесу

2025 жылғы 21 қазанда ветеринария басқармасы ұжымының Әдеп жөніндегі уәкіл К.Ж. Сюндиковпен мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау, тәртіптік, әкімшілік, қылмыстық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша кездесуі өтті. Кездесуде қоғамдық тәртіп пен адамгершілікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылықтар бөлігінде әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекстің бірқатар баптары қаралды.

Семинар-кеңесте Қ. Ж. Сюндиков жалпыға бірдей құқықтық оқыту жоспарларын өзектендіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы талаптарды, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын сақтау, мемлекеттік мүлікті, оның ішінде ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметтік көлігін ұтымды пайдалану туралы атап өтті. Сондай-ақ ұжымды біріктіру, тимбилдингтер өткізу бойынша ұсыныстар берілді, қабылдау бөлмесіндегі хатшының жұмысына, сенім телефоны арқылы іскерлік, дұрыс сөйлесуге, азаматтармен және әріптестермен қарым-қатынасқа, мемлекеттік қызметшілердің киім нысанына қойылатын талаптардың сақталуына, қоғамдық орындардағы мінез-құлыққа назар аударды. 

Кездесу қорытындысы бойынша құқық бұзушылықтар мен тәртіптік теріс қылықтардың алдын алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға, «Адал азамат» идеалдарына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің кәсіби және жеке қасиеттерін ілгерілету жөніндегі Жол картасын, ҚР-дағы заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі Кешенді жоспарды, қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі Тұжырымдаманы іске асыруға жауаптыларды тағайындау туралы шешім шығарылды.