
«Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінде малды қайта тіркеу — сатып алу-сату кезінде
Ауыл шаруашылығы малдарының операцияларының ашықтығы мен дұрыс есепке алынуын қамтамасыз ету мақсатында мал иелері малды сатып алу немесе сату кезінде «Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру» ақпараттық жүйесінің (АШЖБ) дерекқорында тіркелуі міндетті.
Ветеринарлық құжаттарды рәсімдейтін ақпараттық жүйенің функционалы арқылы тірі малды тасымалдауға арналған №1 формалы ветеринарлық анықтаманы беру кезінде сатушы мен сатып алушы туралы өзекті және дұрыс мәліметтерді көрсету қажет (сатушы мен сатып алушының ұялы телефон нөмірлері азаматтардың мобильді деректер базасына (АМД) енгізілуі тиіс, бұл малды сатып алу-сату мәмілеcін растайтын SMS-хабарламаны алу үшін қажет).
Келісім тараптары туралы сенімді және дұрыс мәліметтердің болмауы малды тасымалдауға рұқсат беретін құжатты техникалық түрде беру мүмкін болмайды.
Барлық мал иелерін АШЖБ базасында тіркелу және деректерді жаңарту рәсіміне жауапкершілікпен қарауға шақырамыз, бұл барлық қажетті құжаттарды кедергісіз рәсімдеуге мүмкіндік береді.