
«Менің кәсібім-мемлекеттік қызметші» жобасы аясында 2025 жылғы 21 қазанда Қостанай облысы білім басқармасының 32 мектебінің мемлекеттік қызметке орналасу мәселесі бойынша бітіру түлек сыныптарымен кездесу өтті.
Жобаның мақсаты-мемлекеттік қызметті насихаттау, жастар арасында Мемлекеттік қызметтің имиджін арттыру. Мемлекеттік қызметшінің жұмысы-кәсібилік, қоғам алдындағы жауапкершілік, мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған міндеттерді орындау.
Іс-шарада Мемлекеттік қызметке кіру тәртібі, меритократия, мемлекеттік қызметте мансаптық ілгерілеу туралы айтылды. Оқушылардың сұрақтарына түсініктемелер берілді. Түлектер қызығушылық танытып, сұрақтар қойып, жоспарлары туралы айтып берді. Барлық оқушыларға оқуда табыс, бейбіт аспан, барлық мақсаттарға қол жеткізуді тілейміз.