Қамысты ауданының 70 жылдық мерейтойына арналған іс-шаралар шеңберінде, адал еңбегі, жоғары кәсібилігі және ауданның ветеринариялық қызметін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін Қостанай облысы әкімдігі ветеринария басқармасының бас маманы Адаев Манарбек Даненұлы Қамысты ауданы әкімінің Құрмет төсбелгісімен марапатталды.
Марапат көпжылдық тиімді жұмысты мойындау және кәсіби қызметті жоғары бағалаудың белгісі болды.
Ветеринария басқармасының ұжымы әріптесін лайықты наградасымен құттықтайды және одан әрі табыстар мен жаңа жетістіктер тілейді.