Ветеринариялық анықтама беру — қысқаша мәлімет

Ветеринариялық анықтама беру — қысқаша мәлімет

✅  Кім қызмет көрсетеді:

«Аудандар мен қалалардың ветеринариялық станциялары» КМК (ауылдар мен ауылдық округтердің ветеринариялық пункттері).

📍 Алу жолдары:

Жеке өтініш арқылы.

Қызмет көрсету мерзімі:

Бір жұмыс күні ішінде.

💰 Құны:

Тегін

🕘 Мемлекеттік қызмет көрсету кестесі:

Дүйсенбіден жұмаға дейін қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.

📄 Не беру керек:

  • Өтініш;
  • Балықтар мен басқа да су жануарларын бес килограмнан артық тасымалдау кезінде-аулаудың шығу тегі туралы анықтаманың көшірмесі (аквакультура су айдындарынан басқа);
  • Жануарлардан алынатын шикізатты (Былғары және үлбір шикізаты) тасымалдау кезінде-ветеринариялық зертхана берген сараптама актісінің (Сынақ хаттамасының) нөмірі мен күні;
  • Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерден және үшінші елдерден (Еуразиялық экономикалық одаққа мүше емес мемлекеттерден) әкелінген ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) бақылау объектілерін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша өткізу кезінде-ветеринариялық – санитариялық бақылау және қадағалау объектісі әкелінген ветеринариялық құжаттың көшірмесі.

📌 Бас тарту себептері:

  • Қолайсыз эпизоотиялық жағдай;
  • Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша жануарлар мен адам денсаулығының қауіпсіздігіне қатер төндіретін Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылуын анықтау;
  • Дұрыс емес мәліметтер немесе құжаттардың толық пакеті;
  • ЖЖН (жануардың жеке нөмірі)болмауы;
  • Көрсетілетін қызметті алушыға қатысты ветеринариялық анықтаманы алуға байланысты қызметке немесе қызметтің жекелеген түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) бар;
  • Дербес деректерді өңдеуге келісуден бас тарту.