«Қостанай ауданының ветеринариялық станциясы» КМК жануарларды қорғау қызметін қалыптастыру қызметкерлерімен жануарлардың сібір жарасына күдік туындаған жағдайда іс-қимылдарды пысықтау бойынша оқу-жаттығу өткізілді. Оқу-жаттығуларға өңірлік ТЖ департаментінің қызметкерлері, ветеринария басқармасының өкілдері, санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мамандары жұмылдырылды. Диагноз расталғаннан кейін сібір жарасының шартты ошағын жою бойынша ұйымдастырушылық-шаруашылық және ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар орындалды.
Оқу-жаттығу барысында Қостанай ауданында жоғары дайындық режимі енгізіліп, эпизоотиялық жағдайды бақылау күшейтілді. ТЖ алдын алу және жою жөніндегі комиссиялар жиналып, күштер мен құралдарды топтастыру бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды (өлім-жітімге ұшыраған жануарлардың өлекселерін уақтылы кәдеге жарату, дезинфекциялық іс-шаралар, барлық мал басын қарау және вакцинациялау және т.б.).
https://www.instagram.com/p/DOgErkgAo17/?next=%2Ft__imanbaev%2F