Жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы аясында ветеринария басқармасының ұжымы № 28 мектеп-гимназия мен Б. Момышұлы атындағы № 5 жалпы білім беру мектебінің оқушыларына көмек көрсетті, мектеп формасы, аяқ киім және кеңсе керек-жарақтары сатып алынды.
Оқу жылының басталуымен құттықтаймыз! Жаңа өнерді игеру, сәттілік, сергектік пен денсаулық, нағыз достық пен жаңалықтардың қуанышын тілейміз!