Эпизоотиялық қауіпсіздік жөніндегі жұмыс кеңесі

Эпизоотиялық қауіпсіздік жөніндегі жұмыс кеңесі

2025 жылғы 2 қыркүйекте Қостанай облысы әкімдігінің базасында Ветеринария басқармасының басшысы Т.К. Иманбаевтың төрағалығымен жануарлардың аса қауіпті ауруларының алдын алуға бағытталған шараларды қабылдау мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Іс-шараға ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің, ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің аумақтық бөлімшелерінің, Полиция департаментінің, облыстық ветеринариялық зертхананың басшылары мен қызметкерлері, аудандар мен қалалар әкімдерінің орынбасарлары, ведомстволық бағынышты ветеринариялық станциялардың басшылары, Ветеринария басқармасының өңірлік өкілдері қатысты.

Кездесу барысында өңірдегі ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің өзекті мәселелері және оларды шешу жолдары талқыланды, мүдделі мемлекеттік органдардың құзыреті шеңберінде бірлескен іс-шаралардың одан әрі стратегиялары келісілді.